Садыр Жапаров жұбайымен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді

Садыр Жапаров жұбайымен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді, оны Шавкат Мирзиеев жұбайымен қарсы алды.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстанға Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен келді.

Мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл жасақталды.

«Бағдарламаға сәйкес жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, оның барысында жан-жақты стратегиялық серіктестіктегі өзбек-қырғыз қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.

Жапаров Қырғызстанның Өзбекстандағы мәдениет күндерінің ашылуына да қатысады.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр