Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша іс сотқа жіберілді

Руслан Берденовке шабуыл жасаған күдікті Ернар Жиенбай екі бап бойынша жауапқа тартылды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Оған Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 1-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша айып тағылды.

Алдын ала тыңдау 28 шілде сағат 10:00-де өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігінің алдында Берденовке оқ атылған болатын.

Кейін атқан күдікті қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиенбай екені айтылған. Полиция оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. 

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді