Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қала әкімдігі ғимаратының алдында оқ тиген әкім орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы жақсарып келеді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Дәрігерлер барлық медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Сайга-12 қаруынан үш рет атылған оқтан Берденовтің кеудесі, бауыры мен аяғы жараланған.

Лауазымды тұлғаға оқ атқан күдікті оқиға орнында бірден құрықталды. Қазір тергеу абақтысында. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаменті бұл оқиға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Белгілісі 31 жастағы күдікті әкімдікке қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қызмет еткен. Жуырда ғана жұмыстан шеттетілген.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты