2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Рудныйдағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

Жұмысшы 19 маусымда болат балқыту пешінде жұмыс жүргізу кезінде қаза тапқан.

magnific.com

Астана, NEGE. Tobolinfo мәліметінше, адам өліміне әкелген жазатайым оқиға «ERG Service» ЖШС-нің жөндеу-механикалық металл өңдеу зауытында болған.

Компания болған оқиға туралы мемлекеттік органдарға дереу хабарлағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 «"ERG Service" ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Компания оның отбасына қажетті көмек көрсетеді», – делінген кәсіпорын хабарламасында.

Еске салсақ, 30 мамырда KAZ Minerals компаниясына қарасты Артемьев шахтасында тау жынысы опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапқан еді.