Роман Скляр ERG компаниясын басқаруы мүмкін – Financial Times
Басылым мәліметінше, компанияның директорлар кеңесі жаңа бас директорды тағайындау мәселесін жұма күні-ақ дауысқа салуы ықтимал.
Астана, NEGE. Скляр қаржы министрі Мәди Тәкиевпен бірге компания басшылығын жаңартуды көздеп отыр, деп жазады Financial Times. ERG басшысы ғана емес, сонымен қатар қаржы директоры, сату бөлімінің жетекшісі мен бас заңгер ауысуы мүмкін.
Сондай-ақ басылым компанияны құрған үш отбасының екеуі өз үлестерін кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке 1,4 миллиард долларға сатуға дайын екенін жазады. Бұған қоса басылымда «ERG-дегі меншік құрылымының өзгеруі Қазақстанның ресурс секторындағы ауқымды буын алмасудың бір бөлігі» ретінде аталады.
«Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын аға буын өкілдері біртіндеп ығыстырылып жатыр», – делінген мақалада.
Айта кетейік, бұрын премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Роман Скляр 5 мамыр күні Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.