USD
USD
USD

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Айбек Дәдебай Президент Әкімшілігі басшысы қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Роман Скляр
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда дүниеге келген. 

Павлодар мемлекеттік университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «экономист» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті, ұлттық экономика вице-министрі, инвестициялар және даму вице-министрі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметтерін атқарды.

2019 жылы премьер-министрдің орынбасары, 2022 жылы премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.

Сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2024 жылғы 5 ақпанда премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпаннан бастап премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

.

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстан мұнайы

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

заң жобасы

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

FlyArystan