Рысбек Сәрсенбайұлы 70 жасқа толды

Журналист, қоғам қайраткері, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы бүгін 70 жасқа толды.

Р.Сәрсенбайұлы 1951 жылы 8 маусымда Алматы облысының Нарынқол ауданында (қазіргі Райымбек ауданы) дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы – журналист.

Әр жылдары Нарынқол аудандық «Советтік Шекара» (қазіргі «Хан Тәңірі») газетінің тілшісі, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім бастығы, бас директор, вице-президент қызметтерін атқарды.

2005-2018 жылдары «Жас Алаш» ЖШС вице-президенті, президенті және «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болды.

Сондай-ақ Рысбек Сәрсенбайұлы журналистер Одағы сыйлығының иегері.

Nege.kz порталының ұжымы қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлын мерейтойымен құттықтайды!

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті