2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Желіде ресейліктерге Қазақстан азаматтығы сатылып жатыр деген ақпарат тарады

Интернетте ресейліктерге Қазақстан азаматтығына құжаттарды жинау және ресімдеу қызметін көрсететін компанияның жарнамасы жарияланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қызметтің құны 6,5 мың еуродан басталады және оны бөліп төлеуге болады. Сондай-ақ, паспортты алғандарға бірқатар артықшылық берілетіні айтылған.

ҚР Ішкі істер министрлігі бұл жарнама алаяқтық екенін ескертті.

«Бұл фирмалар азаматтықты және жеке басын куәландыратын құжаттарды бермейді. Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдіруші ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуі тиіс. Бұл ретте құжаттарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады», – делінген хабарламада.