Ресейде Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Әлеуметтік желіде қырғыздар мен қазақтарды қорлаған Екатерина Биволға Ресейде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік «Газеты.Ru» басылымы хабарлады.

әлеуметтік желіден

Асана, NEGE. Ресей Ішкі істер министрлігі аталған іс бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.

«Хатта көрсетілген жағдайларға байланысты тиісті тексеру Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы бойынша басты басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазан айында Екатерина Бивол әлеуметтік желіде видеоролик жариялап, қырғыздар мен қазақтарға тіл тигізген. Бұдан кейін оған Қырғызстан мен Қазақстанда қылмыстық істер қозғалды.

Қазақстан ІІМ басшысының орынбасары 2025 жылғы 13 қарашада республика оның экстрадициясын талап ететінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды