USD
USD
USD

Екатерина Бивол ұсталса, экстрадиция мәселесін көтереміз – ІІМ

ІІМ вице-министрі Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы – Екатеринаға халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

қылмыстық іс
Фото: әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Журналистер вице-министрден Биволдың жұбайын жауапқа тарту туралы сұрады. Әділовтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі қазір Ресей полициясымен байланыста.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қазір ол адам халықаралық іздеуде. Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Егер ол ұсталған жағдайда, біз Бас прокуратура арқылы экстрадиция мәселесін көтереміз, – деді ІІМ вице-министрі Санжар Әділов.

Айта кетейік, Екатерина Биволға қылмыстық іс қозғалуына оның әлеуметтік желілерде қазақтар мен қырғыздар туралы ерсі сөйлегені себеп болған. Астана қаласындағы «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасы Биволды 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап іздестіріп жатқанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы