Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты емдейтін дәрілер тізімін жариялады

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтында коронавирусты жұқпаны емдеуге арналған дәрілік препараттардың тізімі пайда болды.

Алматы,NEGE. Құзырлы министрлік Қытайдан тараған вирустан емделу үшін әзірге Рибавирин, Лопинавир/Ритонавир және рекомбинатты интерферон бета lb сияқты үш дәріні пайдалануға кеңес береді.

Тізімдегі дәрілер коронавирусты жұқпадан сақтану және емделудің әдістемесін дайындау аясындағы уақытша кеңестер ретінде ұсынылған.

Ресейдің денсаулық саөқтау министрлігінің өкілдері жаңа вирус қанды зақымдайтынын ескертеді. Арнайы кеңесте сонымен бірге ауру жұқтырған науқасты туыстарының алып жүруіне болмайтыны, вирустың тез жұғатыны туралы жазылған.

Сонымен бірге коронавирус жұқтырған науқаста қандай асқынулар болатыны көрсетілген. Олардың қатарында өкпенің қабынуы, өткір респираторлық дистресс-синдромы, жұқпаның бүкіл ағзаға таралып кетуі, сепсистік шок, ішке қан кету секілді белгілер бар.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті