14 сентября 2022 г. 19:25
Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр
Биылғы жылы әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатыр.
Алматы, NEGE. Айтулы күн аясында ауқымды іс — шаралар-концерттер, көрмелер, оған арналған фильмдердің таныстырылымы мен көрсетілімі т.б. көрермен назарына ұсынылып келеді.
Халықтың сүйікті әншісінің мерейтойы Ресейде де тойланып жатыр. Бүгін Ресей астанасы Мәскеу қаласында фотокөрме ашылып мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.