Кәсіпкерді бопсалағандар ұсталды

"Алматы қаласында жеке кәсіпкерді бопсалап, ақша алған қылмыскерлер құрықталды" деп жазады ҚазТАГ  агенттігі.

Алматы, Nege.kz. Арыз берушінің айтуынша, оған жақын таныс емес екі жас жігіт кәсібіне қолдау көрсетеміз деген желеумен кәсіпкерден 1 млн теңге ақша талап еткен. Байланыс құралдарын сатумен айналысатын азамат тиісті органдарға хабар берген. Осы іс бойыншы жүргізілген арнайы операция бойынша күдіктілер қолға түсіп, қазір олардан жауап алыну үстінде. Бұрын сотталған 1992 жылғы азаматтың үстінен қоқан-лоққы көрсету және тартып алуға ұмтылу фактісімен және 1995 жылғы азаматтың үстінен қарақшылық шабуыл және тонау ісіне ұмтылу әрекеті үшін іс қозғалды. Қазір қалалық полиция басқармасы осы қылмыстық істер жөнінде түбегейлі зерттеу мәселесін қолға алды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты