Рейстер кестесі өзгеруі мүмкін

Алматы әуежайында қалың тұманға байланысты әуе рейстерінің қозғалысында өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы әуежайы хабарлады.

Алматы, NEGE. Әуежай штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. Бұл нысан жақында қайта жаңғыртудан өткен болатын. ИКАО ІІІ В дәрежелі сертификаты бар. Бұл қалың тұман жағдайында көлденең көрініс 75 метр болса да ұшақтарды қабылдап, 125 метрге жеткен кезде де ұшақ ұшыра алады дегенді білдіреді. Алайда ол үшін экипаждың да соған сәйкес сертификаты болуы шарт», – делінген әуежай хабарламасында. Әуежайдың хабарлауынша, дәл қазір әуежайда көрініс 30/100 метр, ауа температурасы – 5 градус аяз. Мекеме жолаушыларға жолға шықпас бұрын рейстер жөнінде ақпарат біліп алу керектігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен