Референдумға қатысты сауалнама жүргізу кезінде төрт бұзушылық анықталған

Бас прокуратура мәліметінше, үш жағдайда сауалнама заңсыз жүргізілген.

ortcom.kz

Астана, NEGE. Ал бір жағдайда сауалнама жүргізу қорытындылары тиісті мәліметтерсіз жарияланған.

«Екі жағдайда сауалнамаларды жеке тұлғалар, ал басқа жағдайда заңды тұлға жүргізген. Ол Орталық референдум комиссиясының функцияларын жүзеге асыратын Орталық сайлау комиссиясын алдын ала хабар бермеген», – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл фактілер бойынша прокуратура органдары екі азамат пен бір заңды тұлғаны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Оларға айыппұл салынды.

Сонымен қатар бір баспа басылымының иесі қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелерін заңда көзделген міндетті деректерсіз жариялағаны үшін жауапқа тартылды.

Еске салсақ, бұған дейін Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік референдумға қатысты сауалнамаларды кім жүргізе алатынын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционда тағы өтпей қалды

Қарағандыда түлектерді диплом қорғай сала әскери комиссариатқа алып кеткен

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін