USD
USD
USD

Референдум жайлы сауалнама жүргізуге бола ма?

15 наурызда өтетін республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікір сауалнамаларын жүргізу тәртібі түсіндірілді.

орк
Фото: Nege.kz

Астана, NEGE. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік референдумға қатысты сауалнамаларды кез келген ұйым өткізе алмайтынын айтты. Мұндай зерттеуді тек заңды түрде тіркелген және кемінде бес жылдық тәжірибесі бар ұйымдар ғана жүргізе алады.

Сонымен қатар, олар сауалнама басталар алдында Орталық референдум комиссиясына жазбаша түрде хабарлама жолдауы тиіс. Онда зерттеуді кім жүргізетіні, қай өңірлерде өтетіні және қандай әдіс қолданылатыны көрсетілуі керек.

Ал сауалнама нәтижелері жарияланған кезде бірнеше маңызды мәлімет міндетті түрде берілуі тиіс. Атап айтқанда, зерттеуді өткізген ұйымның атауы, тапсырыс беруші, сауалнама өткен уақыт, қатысқандар саны, қойылған сұрақтың нақты мәтіні және нәтижелердің қателік деңгейі көрсетілуі қажет.

Комиссия өкілінің айтуынша, бұл талаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген.

Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева