2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың туысы, әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты тағы да жағымсыз ақпарат тарады.

Instagram

Алматы, NEGE. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, ол 15 наурыз күні жұбайына күш қолданды деген күдікке ілінген.

Хабарларға қарағанда, оқиғадан кейін ол Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Тілшіміз Алматы полициясының баспасөз қызметінен аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады. Қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатыр.

Айта кету керек, бұл оған қатысты алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де Тұрлыханов жұбайын ұрып-соққаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті 10 тәулікке қамалғаны белгілі.