Президент: Жұмысын атқара алмағандарды көктемде босатамыз

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев міндетін атқара алмаған министрлер мен әкімдерді көзге шұқып көрсетпегенімен, көктемде бұл мәселеге қайта оралатынын ескертті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Көріп отырсыздар, менің тапсырмаларымды жеткілікті деңгейде орындай алмағандарға бүгін сөгіс бергем жоқ. Бірақ, кемшілік жеткілікті. Мәселен, ең қажетті тауарлардың бағасы өсуіне байланысты қатаң шара қолдануға болар еді.

Жалпы алғанда, сөгіс беру – нәтижеге жетудің тиімді жолы емес. Бұл – менің ұстанымым. Сондықтан үкімет мүшелері мен әкімдерге кемшілікті жоюға уақыт беремін. Көктемде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде тапсырманы орындай алмағандарды жұмыстан босататын боламыз» деді Тоқаев.  

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды