6 июля 2025 г. 16:48
Президент ұлттық бокс құрамасының спортшыларымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бокс құрамасының спортшыларымен кездесіп, оларды жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
АСТАНА, NEGE. – Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокс – тек жігері мықты жандарға тән спорт түрі. Бұл – ерекше тәртіп пен қайсарлықты талап ететін спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрдайым сіздерге қолдау көрсетеді. Бокс елімізде бұдан әрі де дами береді деп сенемін, – деді Президент.