Президент мерзімінен бұрын қызметтен кеткен жағдайда сайлау күнін Құрылтай жариялайды

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияға осындай норма енгізу ұсынылып отырғанын мәлімдеді.

Конституциялық сот

Астана, NEGE. Оның айтуынша, мемлекет басшысы қайтыс болған, импичмент жарияланған немесе өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, Құрылтай 7 күн ішінде президенттік сайлау өткізілетіні туралы хабарлауға тиіс. Ал дауыс беру күнін екі айдан кешіктірмей белгілеу қажет.

Сонымен қатар биліктің сабақтастығы моделін өзгерту ұсынылуда. Егер президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, елді уақытша басқару міндеті вице-президентке өтеді. Бұл мүмкін болмаған жағдайда Құрылтай төрағасына, одан кейін премьер-министрге беріледі.

Бұл ретте вице-президентке бірқатар шектеу қойылады: ол депутат бола алмайды, кәсіпкерлікпен айналысуына, өзге ақы төленетін қызметтерде жұмыс істеуіне немесе саяси партияларға мүше болуына тыйым салынады.

Сондай-ақ Конституциялық кеңес отырысында Президент тағайындайтын лауазымдар туралы ұсыныс айтылды. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?