Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

 

Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете беруіне тілектестік білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды