Президент әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті.

Aqorda

Астана, NEGE. Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар әскердегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды.

Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, 10 қараша күні президент әкімшілігінің алдында бір топ ана әскердегі әлімжеттікке шағымданып, наразылыққа шықты. Олар қаза тапқан сарбаздардың өліміне қатысты тергеудің әділ жүргізілуін және әскери істердің ашық тергелуін талап еткен.

Осы оқиғадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан сарбаздардың істерін 12 күн ішінде қарап, тергеу барысына құқықтық баға беруді тапсырған

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты