Полковник желіде жұлдыз болды

Жамбыл облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары Самат Хусаинов әп сәтте әлеуметтік желінің жұлдызына айналды.

Алматы, NEGE. 53 жастағы полиция полковнигі ауа-райының қолайсыздығын айтып, жолаушылар мен көлік жүргізушілеріне бейне үндеу жолдады. Аталған бейне вирустай тарап кетті. 

Самат Хусаиновтың айтуынша, түтеген боран көз аштырмайды, сондықтан көлік иелеріне жолға шықпау керегін ескертті. Ауа-райының қолайсыздығы бейнеден анық көрініп тұр.