Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты сталкинг бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, алайда кейін ол тоқтатылған.

facebook.com/daniyar.meirkhan

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

«Данияр Мейрханға қатысты 115-1-бап бойынша қылмыстық іс тергелді. Қазіргі уақытта іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Сонымен қатар сотта жеке айыптау материалдары қаралып жатыр, сондықтан мен бұл мәселеге пікір білдіре алмаймын», – деді Әділов.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Ішкі істер министрлігі Данияр Мейріханның тексеріс жүргізу кезеңінде қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілгенін растады. Ол бұл қызметке 2025 жылғы қыркүйекте тағайындалған.

Көп ұзамай адвокаты Әлия Жаманбаева полиция полковнигі Данияр Мейірханға қарсы жиырма қызметкер емес, тек екі адам арыз жазғанын нақтылады. Оның мәлімдеуінше, бірінші арызды жазған әйел Комитетте жұмыс істеуге ұзақ уақыт бойы өзі ұмтылған. Ол Мейірханға жұмыс уақытынан тыс жиі хабарлама жазып отырған. Екеуара сақталған хаттарға сілтеме жасаған адвокат қорғауындағы Мейірханның әрдайым сыпайы түрде қысқа ғана бас тартумен жауап бергенін алға тартады. Кейін жұмысы сынға ұшырағаннан кейін екеуінің арасындағы қызметтік қатынастар шиеленісе түскен. 

Одан кейін, Жаманбаеваның жазуынша, Мейірханның хатшысы болып бірнеше жас қыз жұмыс істеген, бірақ олардан қысым көрсетілгені жөнінде шағым түспеген.

Қазір оқып жатыр

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды