Петропавлда көзіне пышақ кірген үш жасар бала көз жұмды

Петропавлда екі айдан астам уақыт өмір үшін күрескен үш жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

images.app.goo.gl/p3S8de2JHepZW8ke6

Алматы, NEGE. Бала 19 желтоқсан күні ауыр жарақатпен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салғанымен, өкінішке қарай, бала есін жимастан қайтыс болды.

Медицина мамандары ашық ми жарақаты, ми шайқалуының ауыр түрі, сол жақ көзіне, маңдай, самай және төбе сүйектеріне зақым келу, ішкі қан кету және травматикалық шок деген диагноздар қойған.

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

«Анасын таңдады»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасуға не себеп болғанын айтты