Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі сотталған Перизат Қайраттың қазіргі таңда қандай жұмыс істеп жүргені туралы ақпарат берді. 

Перизат Қайраттың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, Перизат Қайрат мекемеде еңбекке тартылған. Ол қызметтік бөлмелерді тазалаумен айналысады.

Еске салсақ, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қайырымдылық желеуімен жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталды. Сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар 50 азаматтық талап арыз бойынша 1,5 млрд теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады