USD
USD
USD

Перизат Қайраттың Mercedes-і сатылымға шығарылды

Перизат Қайраттан тәркіленген автокөліктердің бірі сатылымға шығарылды. Көлік 79,4 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Перизат Қайрат
Фото: instagram.com/01pk, sauda.e-qazyna.kz

Астана, NEGE. Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2024 жылы шыққан қара түсті Mercedes-Benz S-450 автокөлігі сатылымға шығарылғаны жөнінде хабарландыру жариялады. 

Лот сипаттамасында көліктің Pandora дабыл жүйесі орнатылған кілті бар екені және аккумуляторының қуаты таусылғандықтан, техникалық жай-күйін тексеру мүмкін емес екені ескертілген.

Бағалау құны – 79 415 000 тг.

Бұған қоса сипаттамада көлікке тыйым салынғаны жазылған. Сондай-ақ көлік құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президенттің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Парламент депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппаратының қызметін қамтамасыз ететін органдарға берілмейтіні айтылған.

Айта кетейік, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаевадан Mercedes-Benz-тен бөлек мынадай мүліктер тәркіленген еді:

–«Vela Village» коттедж қалашығындағы жеке тұрғын үй;
– «Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары;
– «Lexus LX 600», 2023 жылғы «Mercedes-Benz EQE 500 4MATIC», 2024 жылғы «Haval H6 GT» маркалы автокөліктер;
– «Rebel Flowers» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
– 97 миллион теңгеден астам және 22 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қайырымдылық желеуімен жиналған 3,5 миллиард теңгені жымқырды деген айыппен сотталды. Сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар 50 азаматтық талап арыз бойынша 1,5 миллиард теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сондай-ақ, олар 10 жыл мерзімге қайырымдылық қаражаттарын жинауға байланысты кез келген қызметпен айналысуына тыйым салынды. Сотта бұл мерзім заңда белгіленген ең жоғары шектеу екені нақты айтылды.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері