Перизат Қайрат сотта Бауыржан Байбектен жауап алуды сұрады

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

Sputnik / Владислав Воднев

Астана, NEGE. Прокурорлар бұған дейін П.Қайраттың өз қоғамдық ұйымын тіркеу кезінде құрылтайшылардың қолдарын қолдан жасағанын мәлімдеген болатын. Бұған жауап ретінде айыпталушы сотты құрылтайшылардан жауап алудан бастауды сұрап, олардың пікірін тыңдап, жағдайды нақтылауды өтінді.

«Мені анаммен бірге ұйым құрды және қолдарды қолдан жасады деп айыптап отыр. Бұл ұйым партия аясында, Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің басшылығымен құрылған. Құрылтайшылардың кейбірі бұрын істеген, кейбірі әлі де партияда жұмыс істейтін қызметкерлер», – деді айыпталушы.

Одан кейін ол жәбірленушіге сұрақ қойған кезде Бауыржан Байбектің есімін бірнеше рет атап өтті.

Айта кетейік, Бауыржан Байбек 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен