Павлодардағы колледжде студент өзін-өзі жарақаттады

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «оқу орнында қызға пышақ сұғып алған» деген ақпарат тараған еді.

pvlmedcollege.kz

Астана, NEGE. Полиция өкілдері Nege.kz-ке басқаша мәлімет ұсынды.

«Алдын ала ақпарат бойынша, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсынан дене жарақатын салған. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жетті», – делінген хабарламада.

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін студент үйіне жіберілді.

«Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген ресми ақпаратта.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр