Павлодардағы Halyk Bank-ті тонады деген күдіктілер Ресейде ұсталды

Павлодардағы банкті тонады деген күдікпен бірнеше азамат Ресей Федерациясы аумағында ұсталды. Олардың барлығы көрші елдің азаматтары.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Өңірлік полиция департаменті ұсталғандарға қатысты қазақстандық соттың шешімімен қамауға алу санкциясы қолданылғанын хабарлады.

«Халықаралық келісімдер аясында ҚР Ішкі істер министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп, тергеу-жедел тобын құрды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп атап өтті департаменттен.

2024 жылы 10 қараша күні түнде Павлодарда банк бөлімшесінің қабырғасы ломмен бұзылып, тоналған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты