Павлодарда зорлық жасаған тұрғын 30 жылдан кейін ұсталды

Ол сот төрелігінен көп жылдар бойы жасырынған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл ретте облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтап отыр.

Павлодарда 1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысы аумағында зорлық жасаған ер адам ұсталды, - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ Ресей Федерациясының Тюмень қаласында мемлекетаралық іздестіру жариялаған, Павлодарда қарақшылық жасаған күдікті ұсталды. Экстрадициялау мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешіледі.

Айта кетсек, биыл жыл басынан бері павлодарлық жедел уәкілдер 32 қылмыскердің орналасқан жерін анықтаған.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»