Павлодарда зират қоршауларын ұрлаған күдікті қолға түсті

Павлодарда зират қоршауларын қолды қылған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, Суворов зиратының аумағында металл қоршаулардың ұрланғаны туралы хабарлады. Шығын 400 мың теңге.

Факті тіркелді, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 – Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған павлодарлық анықталды, ол осы қоршауларды Chevrolet Nexia автокөлігімен алып кеткен, – дейді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері.

Күдіктіге қатысты «кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы таңдалды, заттай дәлелдемелер алынды. Полиция ер адамның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Қазір оқып жатыр

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты