Павлодарда жеңіл көлік аударылып, жолаушы көз жұмды

«Қызылорда–Павлодар» автожолында болған жол-көлік оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды. CHEVROLET COBALT маркалы автокөлік жүргізушісі алдын ала мәлімет бойынша көлік руліне ие бола алмай, жол жиегіне аударылған, деп жазды Павлодар облысы полиция департаменті.

Павлодар облысы полиция департаменті

Алматы, NEGE.  Оқиға «Қызылорда–Павлодар» автожолында 1153-ші шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында, алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты