Павлодарда жеке сот орындаушылар палатасының басшысы мас күйінде ұсталды

Полицейлер оны 21 ақпанға қараған түні кроссовер көлігін тізгіндеп келе жатқан жерінен тоқтатқан.

Полиция

Алматы, NEGE. Сот кабинетінде 21 ақпанда 41 жастағы басшыға қатысты шығарған қаулы жарияланған.

Тексеру барысында оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Бұл дерек медициналық сараптама нәтижесімен расталды.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жолға шығар алдында қымызды шамадан тыс ішкенін айтқан. Кейін көлік тізгіндеген сәтінде тәртіп сақшылары оны тоқтатқан.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Алкогольдік мас күйде көлік басқару» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 15 тәулікке қамау жазасы беріліп, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр