Павлодарда жас полицей өзін өзі тапаншамен атқан

Ауыр жарақаттанған тәртіп сақшысы қазіргі күні аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Алматы, NEGE. Полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттаған. 2022 жылғы туған жігіт қазіргі сәтте жансақтау бөлімінде жатыр.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде», - деп хабарлады полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

 

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды