Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты.

Павлодар облысы ПД

Алматы, NEGE. Облыстық ПД мәліметінше, "Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Поляна" автожолында болған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес, 30 тамыз күні «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылаудың маңыздылығын еске салады, – деп жазылған ПД хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады