Павлодарда үшінші қабаттың терезесінен секірмек болған әйел құтқарылды

Бүгін 112 пультіне Павлодар қаласы Торайғыров көшесінде орналасқан үйлердің бірінде үшінші қабаттың терезесінен секірмек болған әйел туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Шақыруға келген құтқарушылар арнайы жабдықты пневмо-секіру құрылғысын жедел орналастырды, осы уақытта басқа қызметкерлер төртінші қабатқа жедел көтерілді. Альпинистік жабдықтың көмегімен құтқарушылардың бірі үшінші қабатқа түсіп, құлаудың алдын алды.

Азаматша дәрігерлерге тапсырылды.

Құтқарушылардың жылдам және кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдай алдын алынды.

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді