Павлодарда тыныштықты бұзған бес адам жауапқа тартылды

Павлодарда тыныштықты бұзған бес адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзудың 40 және жол қауіпсіздігін бұзудың 55 жолын кесті. Тыныштықты бұзғаны үшін бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тоғыз азаматқа қоғамдық жерде алкоголь ішкені үшін айыппұл салынды. Жол жүру ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл тұрағына алты көлік қойылды.

– Мысалы, 24 жастағы павлодарлық TOYOTA автокөлігін жүргізіп, Қамзин көшесімен келе жатқан және рөлде мас күйде болған, бұл медициналық куәландырумен расталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші мас күйде көлік құралын жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД.

Сондай-ақ ережені бұзғаны үшін 17 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама аясында жазаланды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді