Павлодарда тәрбиешінің мүгедек балаларды ұрып-соққаны анықталды

Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Басқарманың «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактісі анықталды.

Олар денсаулық жағдайына байланысты дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар үнемі күтімді қажет ететін балалар.

Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша Орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ол Полиция департаментіне тапсырылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Тексерулер жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды