Павлодарда сүт өндіретін зауытта өрт шықты

Павлодардағы сүт өнімдерін шығаратын "МолКОМ-Павлодар" зауыты аумағында орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ кадрларынан скрин

Алматы, NEGE. Өрт туралы хабарлама сағат 05:34-те түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетті.

Желдің күші мен қатты түтін сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өрт жоғарылатылған дәрежеде сөндірілді. Бірнеше су бүріккіш құрал пайдаланылды. Жалын сағат 08:22-де толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

"МолКОМ" зауыты – өңірдегі ең ірі сүт өңдеуші кәсіпорындардың бірі. Оқиға орнына қала әкімі Хасар Хабылбеков барып, жағдаймен танысты.

Қазір оқып жатыр

YouTube пен Instagram жас қызға 4,2 млн доллар төлеуге тиіс

28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды