Павлодарда салынып жатқан жаңа көпір бір күнде екі рет өртенді
Бүгін «101» қызметі операторының пультіне салынып жатқан көпірде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы, NEGE. Оқиға орнына дереу өрт-құтқару бөлімшелері жіберілді. Олар № 5 тіректе шыққан өртті сөндіруге жедел кірісті. Онда оқшаулау, қорғаныс шатыры және ағаш қалыптау конструкциялары өртенді. Биік учаскелерде өрт сөндіру қиындық тудырған.
Өрттің ауданы шамамен 100 шаршы метр. Өрт толығымен сөндірілді. Көпірдің басқа құрылымдарына оттың таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өртке электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Ертіс өзені үстінде салынып жатқан жаңа көпірде өткен түнде де өрт шыққан. Төтеншеліктер кешегі және бүгінгі өрттің себептері арасында тікелей байланыс жоқ екенін атап өтті.