Павлодарда өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Павлодар облысының Малиновка ауылында өртеніп кеткен үйден ер адамның мүрдесі табылды. 1969 жылғы марқұм аталған үйде жалғыз тұрған.

ТЖД

Алматы, NEGE. Шарбақты ауданы Малиновка ауылында 1969 жылғы ер адам өз үйінде тосыннан болған өрттен көз жұмды. Оқиға бүгін таңертең болған.

«14 қазан күні сағат 06.12-де Шарбақты ауданы Малиновка ауылындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіруге кірісті. Алаңы 15 шаршы метр аумақта ағаш еден және терезе жақтаулары өртенген. Өрт сөндіру барысында үйден 1969 жылғы ер адамның мүрдесі. Ол аталған үйде жалғыз тұрған. Өртке ӨСБ-7 күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр»,- деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Мамандар өрттің шығуына үйдегі пеш немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Қазір оқып жатыр

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Қарағанды облысында екі мотоцикл бір-біріне соғылып, жүргізушілері қаза тапты

«Әділет» партиясының құрылтай съезі мамырда өтеді