Павлодарда оқушы қызды зорлаған студентке сот үкімі шықты

Павлодарда оқушы қызды зорлаған студентке сот үкімі шықты. Айыпталушы да кәмелеттік жасқа толмаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Оқиға 2023 жылғы қазан айында болған. Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде оқитын 12 жастағы оқушыны жақын туысы зорлаған. Колледждің бірінші курс студенті өткен жылдың сәуір айында қамауға алынған.

Қылмыстық істі облыстық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты жабық отырысында қарады.

Жігітке ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының төртінші бөлігі – «Кәмелетке толмағанды зорлау» және 121-бабының төртінші бөлігі – «Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша айып шығарды.

Сотталушы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде он жыл отыруы керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»