Павлодарда оқ жарақатын алған әскери қызметшінің қазіргі жағдайы мәлім болды

Павлодардағы ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінің бірінде әріптесінің оғынан жараланған  келісімшарт бойынша әскери қызметші жансақтау бөлімінде жатыр.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«2001 жылы туған науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы – тұрақты ауыр. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша әскери қызметші абайсызда автоматпен әріптесін тізе тұсынан жарақаттап, кейін өзіне қол жұмсаған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әскери қызметші өзіне бекітілген қарумен атқан.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты