20 февраля 2026 г. 16:20
Павлодарда құрылыс компаниялары 120 млн теңгенің мәмілесін жасырып қалған
Павлодарлық прокурорлардың мәлімдеуінше, өңірде бірнеше құрылыс компаниясы жылжымайтын мүлікті сатқаннан түскен табысын декларацияда көрсетпей, салықтан жалтарған.
Астана, NEGE. Бұл бюджетке елеулі шығын келтірген.
Атап айтқанда, құрылыс компанияларының бірі тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 43 нысанды сатқан. Алайда бұл туралы мәліметтер декларацияда көрсетілмеген.
«Нәтижесінде компания салықтық міндеттемелерін жасырып, 77,8 млн теңге көлемінде корпоративтік табыс салығын төлемеген», – дейді қадағалаушы орган өкілдері.
Мұндай заңбұзушылықтар тағы 12 құрылыс компаниясында анықталған. Павлодар облысы прокуратурасының қадағалау шаралары нәтижесінде бюджетке 120 млн теңге қайтарылған.