Павлодарда колледж студенті мұғалімді пышақтады деген күдікке ілінді

Павлодар облысында колледж студенті мұғалімді пышақтады деген күдікпен қамалды. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Оқиға 18 қыркүйекте болған. Павлодар облыстық білім басқармасы оқу орнында болған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«Павлодар облысының Білім беру басқармасы 2024 жылдың 18 қыркүйегінде Павлодар колледжінің 2007 жылғы студенті Павлов көшесіндегі үйдің ауласында педагогті жарақаттағаны туралы хабарлайды. Колледж әкімшілігі бекітілген алгоритмге сәйкес шараларды ұйымдастырды. Педагогке медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Жағдайды анықтау үшін студентті полиция қызметкерлері қамауға алды. Білім басқармасы білім беру ұйымдарының басшыларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс кеңес өткізді», - делінен хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды