12 июня 2024 г. 10:19

Павлодарда есірткіге мас күйінде автобус айдаған жүргізуші ұсталды

Фото: Фото: из открытых источников

Павлодарда полицейлер есірткіге мас күйінде автобус айдаған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Павлодар облысының аумағында “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара барысында полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулерден өтуін, тіркеу құжаттарының болуын тексереді.

Қазірдің өзінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 53 жол ережесін бұзу фактісі тоқтатылды. Жүргізушілердің көпшілігі маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Рульде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін тағы 13 адам жазаланды.

Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 5 фактісі және мас күйінде автокөлікті жүргізудің екі фактісі анықталды. Айыппұл тұрағына 5 көлік қойылды.

– Мысалы Павлодар қаласының Академик Шөкин көшесінде полиция қызметкерлері Volkswagen автобусын тоқтатты. Өйткені жүргізуші көлікті өте баяу жүргізгендігі полицейлердің назарын аударды. Медициналық сараптама жүргізушінің шынымен де есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені туралы полицияның күдігін растады. Аялдама кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.