Павлодарда ер адам әйелін пышақтады деген күдікке ілінді

Павлодарда ер адам өз әйеліне пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол масаң күйде болғандықтан, Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына орналастырылған.

Әйелдің ішіне және қолына пышақ жарақаты тиген. Күйеуі үйде мас күйде болғандықтан, әйел тігілген жараларымен көшеде тұрған, үйге кіруге қорыққан. Сонымен қатар бұл отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алғашқы жағдайы емес екені белгілі болды. Өткен айда да әйелінің аяғына пышақ тигендіктен, оны тігуге тура келген

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр