Павлодарда екі жігіт суға батып кетті

Сүңгуірлер олардың бірінің мүрдесін судан алып шықты.

azattyq-ruhy.kz

Алматы, NEGE. Екіншісін іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлады sn.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысында соңғы үш күнде өзен-көлдерде шомылып жүрген 32 және 38 жастағы екі ер адам суға кетті.

Екеуі де арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

«Қайғылы оқиғаның бірі 21 маусым күні Железин ауданы Башмачное ауылы маңындағы Ертіс өзенінде, екіншісі 22 маусым күні Қ.Сәтбаев атындағы каналда, Шідерті кентіне жақын жерде болған. Каналға батып кеткен азаматтың мүрдесі табылды, екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», -деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті