Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Павлодарда желіде екі мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері тарап кеткен.

magnific.com

Астана, NEGE. Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік сатып алу порталында мектептердің медициналық тексеру қызметтерін сатып алуы туралы хабарландырулар жарияланған.

«Бұл ретте 28 білім беру ұйымы конкурстық құжаттамада өз қызметкерлерінің дербес деректерін, яғни олардың сауалнамалық деректерін, тұрғылықты мекенжайларын, телефон нөмірлерін көрсеткен», – делінген хабарламада.

Прокурорлар жеке деректердің ашық қолжетімді болуы оларды алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін тудыратынын атап өтті.

Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша білім беру саласының 2 065 қызметкерінің дербес деректері ашық көздерден алынып тасталып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады